F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сыр елінде өткен республикалық айтыста Шығыстың ақын қызы бас жүлдені жеңіп алды

F16 F16
09.05.2026, 19:07
Жаңалықтар, Өнер өрісі
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда қаласында даңқты қолбасшы, мемлекет қайраткері Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған «Алты Алаштың арысы – Ер Жалаңтөс!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлт руханиятын ұлықтаған дүбірлі сөз додасында бас жүлдені Шығыстың ақын қызы Жұлдызай Маратқызы иеленді, деп хабарлайды F16.kz. 

Айтыстың ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, жыр додасына жиналған ақындарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі аламан айтысқа арнайы келген қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» және мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, сондай-ақ мәдениет қайраткері Кенжебай Жүсіп болды.

Жыр додасының шымылдығы заманауи технологияны ұлттық руханиятпен ұштастырған ерекше форматта ашылды. Көрермен назарына жасанды интеллект көмегімен жасалған Жалаңтөс Баһадүрдің бейнесіндегі тақырыптық монолог ұсынылды. Тарихи тұлғаның ерлігі мен ел үшін атқарған қызметі көркем тілмен өріліп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет ұлт тарихындағы Жалаңтөс Баһадүрдің орнына тоқталып, мұндай рухани шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ерекше атап өтті.

Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының өтуі – тағылымы мол тарихи сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихты білу дегеніміз – өткенмен өмір сүру емес. Біз тарихымызды терең білу және одан тағылым алу арқылы өткеннің қателігін қайталамайтын, Ұлы даланы мекендеген ұлы бабалар жолын лайықты жалғастыра алатын ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз» деген болатын. Бұл – бүгінгі іс-шараның да басты мәні.

Жалаңтөс Баһадүр – Қазақ хандығының сындарлы кезеңінде ел басқарған, қол бастаған тарихи тұлға. Оның ерлігі мен кемеңгерлігі халық жадында мәңгі сақталады. Бүгінде аймағымызда батыр рухын ұлықтауға арналған мәдени-көпшілік шаралар кең көлемде ұйымдастырылып келеді. Соның ішінде бүгінгі республикалық айтыстың орны ерекше. Себебі айтыс – ұлттың рухын көтеретін, елдік пен ерлікті дәріптейтін өнер. Бүгінгі додада сөз жүйріктері батыр бабамыздың рухын жырға қосып, елдік мұратты насихаттайды деп сенеміз, – деді ол.

Республикалық айтысқа еліміздің әр өңірінен келген 12 ақын қатысты. Қос ішектің күмбірімен өрілген жыр бәйгесінде қатысушылар елдік, ерлік, ұлттық рух, тарих пен тағылым тақырыптарын кеңінен қозғады. Ақындар Жалаңтөс Баһадүрдің тарихи тұлғасын, оның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін, батырлық болмысын суырыпсалмалық өнер арқылы көркем жеткізді.

Тартысты өткен дода қорытындысында бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысының талантты ақын қызы Жұлдызай Маратбек жеңіп алды. Ал үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, сырбойылық айтыскер Мұхтар Ниязов І орынға лайық деп танылды.

ІІ орынды Қызылжар өңірінің ақыны Хавдолла Бейісхан иеленсе, ІІІ орынды қыз бен жігіт айтысының жүйрігі Мақсат Ақанов пен Сыр елінің талантты перзенті Мейірбек Сұлтанхан өзара бөлісті. Сонымен қатар Жалаңтөс Баһадүр атындағы арнайы жүлде белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиға табысталды.

Ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды рухани шара көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, Жалаңтөс Баһадүрдің тарихи тұлғасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттауға арналды. Айтыс барысында айтылған тағылымды ойлар мен терең мазмұнды жырлар ел рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Тегтер: F16айтысЖұлдызай МаратқызыМәдениетөнерруханиятШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы хоккей маусымы «Торпедоның» жеңісімен басталды

ШҚО-дағы хоккей маусымы «Торпедоның» жеңісімен басталды

17.08.2026, 10:17
307 жылдық еңбек жолы: ұландық бір әулеттің тағдыры – кәсіпорын тарихының бір бөлігі

307 жылдық еңбек жолы: ұландық бір әулеттің тағдыры – кәсіпорын тарихының бір бөлігі

15.08.2026, 18:05
Саяси партиялар Шығыс Қазақстанда үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды

Саяси партиялар Шығыс Қазақстанда үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды

14.08.2026, 16:05
ШҚО-да «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды

ШҚО-да «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды

14.08.2026, 14:58

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы хоккей маусымы «Торпедоның» жеңісімен басталды

17.08.2026, 10:17

307 жылдық еңбек жолы: ұландық бір әулеттің тағдыры – кәсіпорын тарихының бір бөлігі

15.08.2026, 18:05

Саяси партиялар Шығыс Қазақстанда үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды

14.08.2026, 16:05

ШҚО-да «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды

14.08.2026, 14:58

Мемлекеттік грантта оқыған түлектерге қойылатын талаптар өзгерді

14.08.2026, 12:09

Заңсыз бау-бақша: Өскемен тұрғыны жылыжайда қарасора өсірген

14.08.2026, 11:20

ШҚО-да партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр

14.08.2026, 09:55

Екі күн ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 15 адам ұсталды – ШҚО

13.08.2026, 17:05

«Таза Қазақстан»: Журавлиха өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

13.08.2026, 16:07

Жаз басталғалы 10 адам суға кеткен – ШҚО

13.08.2026, 15:15

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған