Үш ай ішінде аударылған мобильді аударымдар көлемі 1 млн теңгеден асқан адамдарды Мемлекеттік кірістер комитеті тексереді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, 1 маусымнан бастап ай сайынғы аударымдар көлемі 300 мың теңгеден асса және 3 ай қатарынан осындай сомада ақша аударылса, комитет тарапынан сұрақ туындауы мүмкін.
Бұл шара көлеңкелі табыс көздерін заңдастыру және адал кәсіпкерлерді қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Түскен ақшаның кәсіпкерлікке қатысы жоқ екені расталса ешқандай мәселе туындамайды.
Фото: gov.kz