«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы үш күн Шығыста жауын-шашынсыз, аптап ыстық болуы ықтимал.
Ал, облыстың оңтүстігінде күн +36 °C… +38 °C-қа дейін ысиды. Шығыс бөлігінде салыстырмалы түрде күн салқын +20…+25 °C аралығында болады.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі өңірде өрт қаупі әлі де сақталатынын ескерткен. Күн райының күрт ысуына байланысты ақ халаттылар да облыс тұрғындары мен қонақтарына күн көзінде ұзақ болмауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Фото: meteomedia.com