Астанадағы Ботаникалық саябақта Бас прокуратураның қызметкерлері 80 түп ағаш екті. Бұл игі бастама «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев айтқандай, тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек. Біз «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 түп ағаш» экологиялық акциясын бастадық. Бұл акцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары белсенді түрде қатысады, – деді Бас прокурор Берік Асылов.
Осындай игі шара арқылы еліміздің Бас прокуратура қызметкерлері Отан қорғаушылардың ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсетпек. Сондай—ақ қоршаған ортаны қорғап, болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауға үлес қоспақ.
Әр азамат жасыл желекті ұқыпты қараудың маңызын түсінеді — бұл «Адал азамат» қағидасын ұстанатын азаматтың саналы таңдауы. Әрбір ағаш — бұл қаланың тынысы, оның өмірі мен болашағы, – деді Берік Асылов.
Фото: ҚР Бас прокуратурасы