Катонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен ірі жарыстардың бірі – «Аламан бәйге» өтті, деп хабарлайды F16.kz.
XXIII халық спорт ойындарының аясында ұйымдастырылған бұл жарыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген көрермендерге арналған үлкен мерекеге айналды. Ат спорты мен ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған бұл шарада көрермендер тартысты додаға куә болды.
Айтулы шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановта бәйгені тамашалап, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
25 шақырымдық бәйгеде жүлделі орындар келесідей бөлінді:
• Тарбағатай ауданынан келген Манап Әбілмансұр «Зағип» атты тұлпарымен бірінші орынға ие болды.
• Күршім ауданынан Дәулет Темірлан «Барыс» атты тұлпарымен екінші орын алды.
• Үшінші орынды Зайсан ауданынан келген Дулат Нұралин мен оның «Арбат» атты тұлпары жеңіп алды.
Жүлде қоры да ерекше болды:
• бірінші орынға — автокөлік,
• екінші орынға — 1 миллион теңге,
• үшінші орынға — 700 мың теңге берілді.
«Аламан бәйге» — бұл тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын жалғап, дала рухын, ұлттық бірлікті еске салатын ұлы дәстүр.