F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Анаңның «Балам қалайсың?» деген бір ауыз сөзінен асқан бақыт жоқ — Сақтағанов

F16 F16
06.03.2026, 15:04
Жаңалықтар, Қоғам, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әр салада еңбек етіп жүрген арулармен кездесіп, көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Ашық диалог форматында ұйымдастырылған салтанатты жиынға облыстың аудан-қаласынан келген бұрымдылар қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Әйелдер қауымының ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбегін атап өткен облыс әкімі, нәзік жан иелерінің отбасымен қатар Отанға да адал қызмет етіп, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқанын айтты.

Әйел – тіршіліктің күретамыры, ұлттық құндылық пен тәлім-тәрбиенің бастауы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланың бақытты өмір сүруіне тиісті жағдай жасау жөнінде тапсырма беріп, әрдайым назарда ұстап отыр. Әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, қоғамның дамуына, елдің тұрақтылығы мен бірлігін бекемдеуге әрдайым үлес қосып келеді. Алдағы 15 наурызда өтетін еліміз үшін тарихи маңызы зор референдумда да Шығыстың арулары белсенділік танытады деп кәміл сенеміз, – деді аймақ басшысы.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Дөңгелек үстел басында кезекпен сөз алып, ақжарма тілегін ақтарған ардақты аналар мен аяулы қыздар мерекеге орай алқалап, сый-құрмет көрсетіп жатқан ер азаматтарға, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Шекарашы әрі төрт баланың анасы Нұргүл Тұрарова мамандығымен мақтанатынын айтты.

Шекара қызметкерлері тәулігіне 24 сағат бойы еліміздің тыныштығын күзетіп, мемлекеттің тұтастығын қорғайды. Бұл – кәсіби даярлықты ғана емес, сонымен қатар табандылықты талап ететін жауапты қызмет. Жұбайым да осы салада еңбек етеді. Біз үшін Отанға қызмет ету – қастерлі парыз, – деді шекарашы.

Салтанатты кеш барысында үлкен экраннан шағын видеоролик көрсетілді. Онда кішкентай балалар анасы туралы әңгімеледі. Алқалаған арулар аймақ басшысынан анасы туралы бір ауыз сөз айтуын сұрады. Сол сәтте облыс әкімі көңілі босап, толқып кетті. Көзіне еріксіз жас үйірілді.

Әрқайсымыз үшін ананың орны бөлек. Мен бақыттымын, анам бар. Сондай-ақ бес қыз өсіріп отырмын, тәубе. Өкінішке қарай қоғамда анасынан ерте айырылған адамдар да бар. Ондай жандарға оңай емес. Жұмыстан шаршап келгенде анаңның «Балам қалайсың?» деген бір ауыз сөзінен асқан бақыт жоқ шығар, – деп тебіренді Нұрымбет Сақтағанов.

Тегтер: F16құттықтауМерекеСақтағановХалықаралық әйелдер күніШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған