F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Апаттың алдын алу шаралары күшейтілді: ШҚО-да жол-көлік оқиғалары азаймай тұр

F16 F16
02.12.2025, 15:55
Жаңалықтар, Заң
Фото: ашық дереккөздерден алынды

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Кейінгі жылдары елімізде жол-көлік оқиғасы тым көбейіп кетті. Жыл басынан бері бес айда Шығыс Қазақстан облысында 483 жол апаты тіркелген. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда екі есе көп. Жолдағы қауіпсіздік күшейтіліп, оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары жүйелі жүргізілсе де жағдай оңалмай тұр. Облыс прокуратурасы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне оларды есепке алу әдістемесінің өзгеруі ғана емес, жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін жиі бұзуы басты себеп болғанын атады, деп хабарлайды F16.kz.

Ресми мәліметке жүгінсек, өңірде көліктердің бір-бірімен соқтығысуы, жаяу адамдарды қағып кетуі, жылдамдықты шектен тыс асыру сияқты жағдайлар көп тіркелген. Жағдайды өңалту үшін биыл сәуірде құрамында прокуратура, полиция және әкімдік қызметкерлері бар ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Содан бері өңірде жолдағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар тұрақты жүргізіліп келеді.

Рейдтер барысында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде жиі кездесетін бұзушылықтар: жаяу адамдардың рұқсат етілмеген жерден өтуі (1817 факт), қауіпсіздік белдігін тақпау (564), мас күйінде көлік жүргізу (23).

Мамандардың айтуынша, апатты жағдайлар негізінен жаз бен күз айларында жиі болады. Бұл кезде мотоцикл, велосипед, электр скутер мінгендер саны артады, қалааралық сапарлар көбейеді. Сот статистикасы да жағдайдың қиын екенін растады.

Жыл басынан бері алты айда облыста 54 жүргізуші сотталған, оның 41-і бас бостандығынан айыру, жетеуі бас бостандығын шектеу жазасына кесілсе, екеуіне айыппұл салынды, төрт адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, — деп түсіндірді ШҚО прокуратура басқармасының аға прокуроры Рауан Сайранбекұлы.

Жол апатының алдын алу мақсатында биылғы 10-16 қараша аралығында Қазақстан бойынша жол қауіпсіздігі апталығы өтті. ШҚО ПД әкімшілік полиция басқарма басшысының орынбасары Рустам Магадиевтің айтуынша, тәртіп сақшылары апта бойы рейдтер өткізіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейдтерді өткізудегі негізгі мақсат — жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін сақтаудың маңызын ескерту. Балаларды көлікте дұрыс тасымалдау, қауіпсіздік құрылғыларын пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар мектептер мен балалар орталықтарының маңында жеткіншектердің тәртіп бұзуының алдын алу шаралары жүзеге асырылды, – деді Рустам Магадиев.

ALPHARD-ТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ПАРЛАМЕНТТЕ АЙТЫЛДЫ 

Құқық қорғау органы қызметкерлері оң рөлді көліктердің такси қызметімен айналысуы да жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әсер етіп отырғанын атап өтті. Әсіресе, қалааралық маршрутта қатынайтын оң рөлді таксилердің жол апатына жиі ұшырайтынын ресми статистика көрсетіп отыр. Мәселен, өткен қазан айында бір аптада Toyota Alphard шағын автобусының қатысуымен болған көлік апатынан 10 адам қаза тапты. Қара жолдың үстінде қайғылы жағдайлар күрт көбейіп бара жатқанына алаңдаған Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бұл көліктердің қауіпсіздік мәселесін Парламент мінберінде көтерді. Халық қалаулысы жол-көлік оқиғалары жеке көліктердің ғана емес, заңсыз тасымалдау және қауіпсіздікті сақтамау салдары екеніне тоқталды. Ол Alphard-қа толық тыйым салып, осы көлікпен адам тасымалдайтын таксилердің барлығын жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Осындай маркалы көліктерден болған жол апатынан өлім-жітім көрсеткіші шамадан тыс артып тұр. Өздеріңіз білетіндей, шілде айында екі күн ішінде Жамбыл және Алматы облыстарында Alphard көлігінің қатысуымен екі ірі жол-көлік оқиғасы болды, – деді Мәжіліс депутаты.

Өскемендік автокөлік сарапшысы Қайрат Оспанов такси жүргізушілерінің Alphard көлігін не себепті таңдайтынын айтты. Оның пікірінше, жеті адамға дейін сыйғыза алатын мұндай шағын автобустар жүк немесе жолаушы тасымалдауға өте тиімді.

Toyota Alphard көлінің қозғалтқыш қуаты 131 аттың күшінен 301 аттың күшіне дейін болады. Таксиде жүргендердің дені ұзақ жол жүргенге жақсы деп қозғалтқыш көлемі үлкенін таңдайды. Ондай мәшинелер трассада қатты жылдамдықпен жүреді. Одан бөлек Alphard-тың көбінің рөлі оң жағында орналасқан. Алыс жолда алдыңдағы көлікті басып озғанда, бұрылыстарда бұл өте ыңғайсыз. Биылдан бастап оң рөлді көлікпен такси қызметін жүргізуге тыйым салынды. Бірақ Alphard-тар тоқтаған жоқ. Өйткені жол сақшысы тоқтатып, тексерсе, салондағы жолаушылар жүргізушінің “туысы” немесе “танысы” болып шығады, – деді Қайрат Оспанов.

Сарапшы маман жол апатының көбеюіне көліктің маркасы ғана емес, адамдардың жауапкершілігі де тікелей әсер ететінін айтады. Ең әуелі рөлге ие болып отырған жүргізуші жауапкершілікті сезінуі керек. Осы ретте маман жол-көлік оқиғаларын азайту үшін бірінші кезекті жүргізушілерді және олардың көлік құралдарын тасымалдауға рұқсатын үнемі тексеріп отыру қажеттігін айтты.

Жолаушы тасымалдайтын шағын автобустарды немесе таксилерді алты ай сайын көлік құралдарын міндетті түрде тексеріп отыру керек. Тексерген кезде бармақ басты, көз қысты болмауы керек. Сол сияқты жол бойындағы қауіпсіздікті де қадағалаған жөн. Біздің жолдардың бойында мал көп жүреді. Түнде жүргенде жылқыға соғылған оқиғалар өте көп. Осыны да бір ретке келтіру керек. Мәселеге бір жақты қарауға болмайды. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді стратегиялық шешімдер қажет, – деп қосты тәжірибелі автосарапшы.

ОҢ РӨЛДІ ТАКСИЛЕРГЕ ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Биылдан бастап елімізде рөлі оң жақта орналасқан көліктермен жолаушы тасымалдауға, яғни такси қызметімен айналысуға тыйым салынды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мұндай шешім бірінші кезекте адамдардың қауіпсіздігі үшін қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша,

InDrive пен Яндекс такси арнайы меморандумға қол қойды. Соның аясында такси агрегаторлары рөлі оң жақта орналасқан көлік иелерімен келісімшарт жасамайды. Екі есігі бар көліктер де бұл қызметтен шеттетілді.

Бұл меморандумдар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Заңға да тиісті өзгерістер енгізілді. Сол себепті 1 қаңтарда бастап біз осы мәселеге қатысты шараларды күшейтеміз, — деген еді вице-министр былтыр журналистер сұрағына жауап берген кезде.

Өкініштісі заң жүзінде тыйым салынғанмен оң рөлді көліктердің такси қызметі іс жүзіне тоқтаған жоқ. Тәртіп сақшыларынан жасырын жұмыс істеп жатыр. Бұл белгілі бір деңгейде жол апатының статистикасына кері әсер етіп отыр. Дегенмен құқық қорғау органдары қызметкердері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатындағы іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Тегтер: F16жол апатыЖол-көлік оқиғасыҚауіпсіздікоң рөлтаксиШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған