F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Арнаулы әлеуметтік қызмет ұйымдарының 90%-дан астамы лицензия алды

admin_f16 admin_f16
19.05.2025, 10:30
Жаңалықтар

Қазақстанда азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет (АӘҚ) көрсететін субъектілерді лицензиялау аяқталуға жақын. Бүгінге дейін олардың 92%-ы рұқсат құжатын алды және көмекке мұқтаж адамдардың 97%-на осы ұйымдар қызмет көрсетеді, деп хабарлайды F16.kz.

Елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау биылғы 1 қаңтарда басталған. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық ұйымдар лицензия алуға тиіс. Бұл жаңашылдық АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту аясында жүзеге асырылып отыр және бірінші кезекте АӘҚ сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқығын қорғау және қауіпсіздік кепілдігі, қызмет көрсететін ұйымдарға бірыңғай стандарттар белгілеуді қамтиды.

АВТОМАТТАНДЫРУ

Лицензиялау енгізілгенге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр олардың қызметінің ашықтығын және бюджет қаражатын жұмсауды қамтамасыз ету үшін АӘҚ көрсету орталықтарындағы барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, былтырғы 1 шілдеде АӘҚ көрсететін орталықтар саны – 1023, факті бойынша (деректерді цифрландырғаннан кейін) – 587, көрсетілетін қызметті алушылардың саны – 135 947, ал факті бойынша (деректерді цифрландырғаннан кейін) – 93,6 мың адам болды. Осылайша, АӘҚ қаржыландыру сомасы 31,6 млрд теңгеге азайды.

Сонымен бірге АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту аясында 12 235 мың әлеуметтік қызметкердің 8 811-нің расталған санаты болмағаны анықталды. Біліктілік деңгейін арттыру үшін 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерді оқыту және сертификаттау жүргізілді. Оларды даярлау және қайта оқыту бойынша 14 ЖОО-мен меморандум жасалды.

ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ШАРТТАРЫ

Лицензия алудың негізгі шарттарының бірі: санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін АӘҚ көрсетуге жарамды ғимараттың болуы; қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы; халықтың аз қозғалатын топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар.

500-ДЕН АСТАМ ҰЙЫМҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

Былтырғы қазаннан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия берер алдында талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымдарды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды.

Бүгінде филиалдар мен бөлімшелерді қосқанда, 548 ұйымға лицензия берілді, бұлар ел бойынша 92,8 мың адамға (қызметті алушылардың 97%-ы) қызмет көрсетеді.

КІМДЕР ЛИЦЕНЗИЯ АЛА АЛМАЙДЫ?

Лицензия беруден бас тартудың негізгі себептері: материалдық-техникалық базаның, штаттық нормативтердің, медициналық лицензияның кіші түрлерінің сәйкес келмеуі және өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру актісінің не аудит қорытындысының болмауы.

Осылайша, бастапқыда лицензиялауға жататын 587 субъектінің 384-де қажетті материалдық-техникалық база болмаған, ал кейбір жағдайларда тіпті жабдықтар мен жиһаздардан тек кілемдер мен дивандар болған.

Жергілікті атқарушы органдар АӘҚ ұсынатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендіру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. Мәселен, республика бойынша АӘҚ көрсететін 55 ұйымға материалдық-техникалық жарақтандыру, мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділік, алаңды кеңейту (жаңа ғимараттар салу) бөлігінде сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет пен демеушілер қаражаты есебінен 8 млрд 708 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, қосымша 928,6 млн теңге бөлу жоспарланған.

ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА МҮМКІНДІК БАР

Лицензия беруден бас тартылған ұйымдар белгіленген талаптарға сай келмейтін кемшіліктер жойылғаннан кейін лицензиялауға қайта өтініш бере алады.

Бұған қоса көрсетілетін қызметті алушылардың 3%-ның қамтылмауы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, бос алаңдары бар медициналық ұйымдармен АӘҚ көрсетуге лицензия алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Лицензиялау және АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту шеңберінде қабылданатын басқа да шаралар арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын және мүгедектігі бар адамдар мен көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға ықпал ететін болады.

Фото: egov.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зайсандағы қалған ауылдар газдың игілігін қашан көреді?

Зайсанның қалған ауылдары газдың игілігін қашан көрмек?

19.06.2025, 17:42
37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

19.06.2025, 16:35
ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

19.06.2025, 16:16
Самар жағалауы Алакөлден асып түседі – аудан әкімі

Самар жағалауы Алакөлден асып түседі – аудан әкімі

19.06.2025, 15:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Зайсанның қалған ауылдары газдың игілігін қашан көрмек?

19.06.2025, 17:42

37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

19.06.2025, 16:35

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

19.06.2025, 16:16

Самар жағалауы Алакөлден асып түседі – аудан әкімі

19.06.2025, 15:25

ШҚО әкімі Санкт-Петербургтегі халықаралық форумға қатысып жатыр

19.06.2025, 14:15

Самарға таза ауызсу қашан жетеді?

19.06.2025, 12:33

Гимназия түлектеріне ақ жол тіледі – Өскемен

19.06.2025, 12:15

Тарбағатай: «Жайсаң» жағажайында демалыс базалары қашан салынады?

19.06.2025, 11:57

Шайдың қорапшасына жасырған: Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болған

19.06.2025, 11:20

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ираннан 109 отандасымыз елге оралды

19.06.2025, 10:43

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған