Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни мерекелер кестесіне сәйкес Құрбан айт мейрамы үш күн бойы (6-8 маусым) тойланады, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл Құрбан айт мейрамының бірінші күні 6 маусым, жұмаға түсіп тұр.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні жұмыс режимі мен ауысымдық (вахталық) кестеге қарамастан демалыс саналады.
Демалыс күндерінің кестесі белгіленген жұмыс кестесіне байланысты болады:
Бес күндік жұмыс аптасындағылар 6, 7 және 8 маусымда (жұма, сенбі және жексенбі) демалады.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) демалады. Ал 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болып қалады.
Фото: Тілеубек Шаяхмет