Соңғы уақытта онлайн алаяқтар жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары атынан мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, түрлі мазмұндағы мәтіндік және дауыс хабарламаларын таратып жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Олар көбінесе қаржылай көмек көрсету немесе белгілі бір мәселелерді шешіп беру туралы өтініш білдіреді.
Сонымен қатар, азаматтардың жеке мәліметтерін алу мақсатында абоненттердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген жалған ақпарат таратылуда.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект