Шығыстағы белсенді зейнеткерлер арасында шахмат, дойбы, бильярдтан облыстық турнир басталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Турнирге облыстың түкпір-түкпірінен 80-ге жуық қатысушы жиналған.
Облыстық турнир 30 сәуірге дейін жалғасады.
Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 140 мыңнан астам зейнеткер бар. Олар бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі үшін ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. Өңір бойынша қариялар бас қосатын 175 орталық бар. Онда зейнеткерлер спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналыса алады.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект