5 мамыр – халықаралық акушерлер күні, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бұл кәсіби мерекені белгілеу туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде мойындалды. Елімізде бүгінде 240 босандыру ұйымы, оның ішінде 58 перзентхана және 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді.
Сондай-ақ 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт амбулаториялық көмек көрсетеді.
Перзентханаларда 3 740 акушер, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 3 675 акушер қызмет етеді. 600-ден астам акушер шалғай жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттерде жұмыс істеп отыр.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект