Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Атап айтқанда, Қарағанды-Жезқазған, Ақтөбе-Ұлғайсын, Атырау-Доссор бағыттарындағы тас жолдар жөнделіп, сондай-ақ Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларында айналма жол салынады.
Бұған дейін құрылысы басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын Қалбатау-Майқапшағай, Күрті-Қонаев, Қызылорда-Жезқазған және Ұзынағаш-Отар жолдарын қалпына келтіру жалғасады.
Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
Фото: ҚР Көлік министрлігі