F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 2 мыңнан астам студент қатысты – ШҚО

admin_f16 admin_f16
14.05.2025, 12:31
Жаңалықтар

Бүгін Өскеменде жұмыссыз азаматтар, білім беру ұйымдарының түлектері мен жұмыс берушілер бір алаңда бас қосты. «Шығыс маманы» деп аталатын бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 2 мыңнан астам адам қатысып, түрлі мекемелермен тілекей байланыс орнатты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың төртінші тоқсанында елімізде жұмыссыздар саны 448,2 адам болған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға көп. Finprom басылымының ақпараты бойынша, адамдардың дені жұмыссыздық себебін лайықты қызмет таба алмағаннан деп көрсеткен. 

Шығыс Қазақстанда жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жиі өткізіліп тұрады. Тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. 

Бұл жолы жәрмеңкеге аудандар мен қалалардан 113 жұмыс беруші 2 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жергілікті оқу орындарынан 2300-ге жуық студент келіп қатысып жатыр. Түлектер диплом алғаннан кейін бірден жұмысқа орналасып, алыс аудандарға барып жұмыс іздемеу үшін барлығын бір алаңда жинадық. Қазір облыста мұғалім, дәрігер, медбике, құрылысшы мамандықтарына сұраныс артқанын байқап отырмыз. Бұл жастардың мамандықпен жұмысқа орналасуына жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, — деді Мансап орталығының директоры Арайлым Есімбекова.

Марқакөл ауданы әкімдігінің өкілдері де «Шығыс маманы» жәрмеңкесіне арнайы келген. Олар мемлекеттік қызметке қызығушылық білдірген жас мамандарды жаңа ауданға шақырды.

Қазір бізде дербес бөлімдерде, әкім аппаратында, әлеуметтік жұмыспен айналысатын 28 бос жұмыс орны бар. Қызығушылық білдіргендер айтарлықтай көп деп айта алмаймыз, бірақ келіп жатыр. Ауылда жұмыс істеуге ниетті жастарға қазір мүмкіндік көп. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы баспана сатып алуға немесе салуға несие және көтерме жәрдемақы беріледі, — деді Марқакөл ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы Әсем Болысова.

Студенттер қатарында ауылдық жерге барып, туған елге еңбек еткісі келетіндер де бар. Олардың бірі  — С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Гүлім Тілеубергенова. 

Өзім Күршім ауданының тумасымын. Бірақ баспанамен қамтамасыз ететін болса кез келген ауданға баруға дайынмын. Еңбек жолын ауылда бастау, үйреніп, тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, — деді ол.

Фото: F16.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05
Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32
Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18
Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болуы мүмкін

20.06.2025, 16:18

ШҚО-да 380 мың тонна прекурсор тәркіленді

20.06.2025, 15:43

Қазақстана жүкті әйелдерге арналған көмек жетілдіріледі

20.06.2025, 15:00

Нұрымбет Сақтағанов: инвестиция – әкімдер жұмысының негізгі өлшемі

20.06.2025, 14:34

Ертіске сібір бекіресінің шабақтары жіберілді

20.06.2025, 14:07

ШҚО қорғанысы жаңаша бағыт алады

20.06.2025, 12:01

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған