ІІМ Астанада экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі NewTimes.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі, яғни «БАҚ немесе телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жүргізіледі.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жақсылықовтың ұсталғаны жөнінде қауесет тараған.
Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда Президент Жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Жұмыстан шығарудың себебі ресми түрде аталмады.
Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрлігін 2022 жылдан бастап басқарды.