Шығыс Қазақстанның үздік шабандоздары Катонқарағайда бас қосты. Бүгін онда облыстық халықтың спорт ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы өкілдерінің айтуынша, Шығыста ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық жыл санап артып келеді. Мәселен, биыл халықтық спорт ойындарына қатысушылар саны жылдағыдан әлдеқайда көптігі байқалады.
Ұлттық ат спорты түрлерінен XXIII ұлттық халықтық ойындар 9 маусым күні басталды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген 13 команда бақ сынап жатыр. Жалпы қатысушылар саны 280-нен асады, — дейді ШҚО дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының директоры Саят Нұрғалиев.
Бүгін жиналған жұртшылық көкпар, аударыспақ ойындарын тамашалады.
Биыл ауқымды спорттық шараға қатысушылар да тыңғылықты дайындықпен келгені байқалады. Әр спортшы өз ауданының намысын қорғап, үздіктер қатарынан көріну үшін барын салуда.
Халықтық спорт ойындарында Бағдарламада көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу сынды спорт түрлері қамтылған.