Катонқарағай ауданында облыстық XXIII халықтық спорт ойындары өтіп жатыр. Биыл Үлкен Нарын ауданының командасы алғаш рет көкпардан бақ сынамақ, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, бүгін Катонқарағай төрінде халықаралық «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі басталды. Айтулы шара асында XXIII халықтық спорт ойындары ұйымдастырылған.
Ұлттық ойындарға жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданынан 90-нан астам спортшы қатысып жатыр. Көкпардан алғаш рет сынға түсетін команда Риддер қаласынан келген көкпаршылармен бақ сынасады.
Спортшылар бұл ойындарға жақсы дайындықпен келгенін айтады. Алдағы уақытта ұлттық ойындарды дәріптеп, облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейінде де жетістікке жетуге ниетті.