AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай облыстық деңгейде әңгіме байқауын жариялайды, деп хабарлайды F16.kz.
Ондағы мақсат – қаламгердің шығармашылығын насихаттау, дарынды жастарды қолдау, еңбек пен ұлттық болмысты әдебиет арқылы таныту.
Байқау талаптары:
Қатысушылардың жасы: 18-45 аралығы
Туынды тек қазақ тілінде жазылады
Бұрын жарияланбаған әңгіме болуы керек
Көлемі – 20 беттен аспауға тиіс
Жұмыстар биылғы 16 маусым мен 16 тамыз аралығында s.kumarbaeva@amanatpartiasy.kz электронды поштасына жолдаңыз.
Жүлделі орындар:
Бірінші орын – 200 000 тг
Екінші орын – 150 000 тг
Үшінші орын – 100 000 тг
Дидахмет Әшімханұлы атындағы арнайы жүлде – 100 000 тг
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы 31 тамызға дейін өтеді.
Салтанатты марапаттау шарасының өтетін уақыты мен орны қосыша хабарланады.