Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрылтай» атауын маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалу қажеттігін айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын, — деді Президент.
Еске сала кетейік, бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.




