F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
24.06.2025, 10:02
Жаңалықтар, Спорт
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Фото: ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өткен апта қазақстандық спортшылар үшін табысты болды деп айтуға толық негіз бар. Отандастарымыз бірқатар байрақты бәсекеге қатысып, үздіктер қатарынан көріне білді, деп жазады F16.kz.

Төменде оқырман назарына өткен аптадағы қазақ спортшыларының жарқын жеңістері туралы ақпаратты ұсынып отырмыз.

АҚМАРАЛ ЕРЕКЕШЕВАНЫҢ ТАРИХИ АЛТЫНЫ

16-23 маусым аралығында Болгария астанасы Софияда өткен көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Ақмарал Ерекешева үш бағдарламада финалға шығып, доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлесіміз тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін жерлестеріміздің ең үздік нәтижесі 4-орын болатын.

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫМЕН ШЕБЕРЛІК БАЙҚАСТЫ

16-23 маусым күндері Индонезияның Бали қаласында өткен семсерлесуден Азия құрлығы мықтыларының бәсекесінде ұлттық құрама спортшылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы финалға дейін жетіп, шешуші айқаста әлемдегі көшбасшылардың бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасына 24:45 есебімен жол берді.

Команда сапында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов өнер көрсетті.

Айта кетейік, жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/16 кезеңде Түркіменстаннан, кейін Сингапурдан, жартылай финалда Қытайдан басым түсті. Осыған дейін жекелей сында өнер көрсеткен Вадим Шарлаимов қола жүлдегер атанған болатын.

ТАШКЕНТТЕ 3 СПОРТШЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

18-21 маусымда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында ұлттық құраманың 3 спортшысы тұғыр сатысына көтерілді.

Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс қожайыны Акрорхон Темирхонов 13.550 балл жинап, топ жарды.

Ал қыздар арасындағы бөренедегі жаттығуда Көркем Ербосынқызы қола жүлдеге ие болды. Отандасымыз 12.100 балл алып, осылайша Challenge Cup жарысындағы алғашқы жүлдесін мойнына тақты.

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ

18-21 маусым күндері Вунгтау қаласында (Вьетнам) өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында отандық палуандар 6 алтын (Ерасыл Мамырбеков, Исхар Құрбаев, Бағдат Сабаз, Ақжан Ықыласов, Майис Әлиев, Виктория Хусаинова), 6 күміс (Мақсат Сайлау, Юсуф Мациев, Джохар Узаров, Мерей Базарбаев, Елнар Шілдебай, Нұрдәулет Бекенов, ) және 7 қола медаль (Диас Қалтай, Нұрдәулет Сейілбеков, Асхаб Хаджиев, Әлімжан Сәлімжан, Зейнеп Баянова, Ангелина Первухина, Тыныс Дубек) жеңіп алды.

Әсіресе, грек-рим күресінің өкілдері үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

СУХАНОВАНЫҢ БІР ӨЗІНДЕ 4 АЛТЫН

Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық бәсекесінде U23 санатында ұлттық құрама спортшылары сынға түсіп, 6 алтын (Денис Кленин, Стелла Суханова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос), 6 күміс (Әнуар Алмағамбетов, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Дмитрий Ладюков, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Виктория Фалалеева, Татьяна Гладкова) және 3 қола медальмен (Нұржан Муфуқұлұлы, Әнуар Алмағамбетов) жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

Биылғы чемпионатқа 16 мемлекеттен 270 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 18 бен 23 жас санатын қосқанда барлығы 12 алтын, 12 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алды.

БУБЛИК – ГАЛЛЕНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті жеңді – 6:3, 7:6 (7:4).

Осылайша, Бублик спорттық мансабында ATP турнирлеріндегі бесінші титулына қол жеткізді. Отандасымыз осымен екінші рет Галледегі жарыста топ жарып отыр. Ол 2023 жылғы додада да үздік атанған болатын.

Тегтер: АптаҚазақстанСпорт
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі жылда Тарбағатайда жарық тартылмаған ауыл көшесі қалмайды

Екі жылда Тарбағатайда жарық тартылмаған ауыл көшесі қалмайды

24.06.2025, 17:44
ҚМДБ мұсылмандарға Counter-Strike 2, GTA, Minecraft ойынауға тыйым салды

ҚМДБ мұсылмандарға Counter-Strike 2, GTA, Minecraft ойынауға тыйым салды

24.06.2025, 17:27
Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?

Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?

24.06.2025, 16:05
Шомылу маусымы басталғалы бірнеше адам суға кетті — ШҚО

Шомылу маусымы басталғалы бірнеше адам суға кетті — ШҚО

24.06.2025, 15:43

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі жылда Тарбағатайда жарық тартылмаған ауыл көшесі қалмайды

24.06.2025, 17:44

ҚМДБ мұсылмандарға Counter-Strike 2, GTA, Minecraft ойынауға тыйым салды

24.06.2025, 17:27

Қызылқайыңдағы барлау жұмыстары қашан аяқталады? – Тарбағатай

24.06.2025, 16:11

Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?

24.06.2025, 16:05

Шомылу маусымы басталғалы бірнеше адам суға кетті — ШҚО

24.06.2025, 15:43

30 млн теңге алған: ШҚО-да бұрынғы көлік прокуроры сотталды

24.06.2025, 15:23

Катонқарағайда әйнекті модульдік үйлер ашылды

24.06.2025, 14:46

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясында тағылымдамадан өтеді

24.06.2025, 13:36

ШҚО-да пара үстел теннисінен республикалық спартакиада басталды

24.06.2025, 13:04

Баланың балағат сөз айтқаны үшін ата-анасы айыппұл төлейді

24.06.2025, 12:23

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған