Ертең, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Достық пен татулықты ту еткен бұл мерекені биыл 20,5 миллионнан астам отандасымыз атап өтеді. Айтулы күн қарсаңында F16.kz редакциясы елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің саны туралы ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқының саны 20 532 240 адамға жеткен. Оның ішінде:
- Қазақтар – 14 664 202
- Орыстар – 2 943 022
- Өзбектер – 695 557
- Украиндар – 367 547
- Ұйғырлар – 309 164
- Немістер – 222 890
- Татарлар – 218 361
- Әзербайжандар – 157 568
- Корейлер – 120 821
- Түріктер – 93 234
Сондай-ақ елімізде дүнгендер (88 мың), беларусьтар (73 мың), тәжіктер (61 мың), күрдтер (52 мың) және қырғыздар (41 мың) тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.
Демографиялық картаға үңілсек, ұлттардың шоғырлануы бойынша да қызықты деректерді көруге болады. Мәселен, қазақтардың ең көп бөлігі Түркістан облысында (1,6 млн) тұрады. Орыс ұлтының өкілдері көбіне Алматы қаласында (428 мың) шоғырланса, өзбектердің басым бөлігі тағы да Түркістан облысында (404 мың) қоныстанған. Ал украиндардың ең көп саны Қостанай облысында (83 мың) болса, 309 мың ұйғырдың 124 мыңы Алматы қаласында тұрып жатыр.




