28 мамыр күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысында «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйесі тексерілді, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-жаттығу барысында сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылды. Теле-радиоарналар қызметі уақытша тоқтатылады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі өкілдері тұрғындарға сабыр сақтау қажеттігін ескертті.
Егер сиренаның дыбысын естісеңіз, дереу теледидарды немесе радионы қосу керек. Сондай-ақ ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын және «112» қызметінің SMS хабарламаларын қадағалау қажет, — дейді ШҚО ТЖД өкілдері.




