Құрылысшылар күні қарсаңында Өскеменде өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан құрылыс саласы қызметкерлері құрметке бөленді. Мемлекеттік наградаларды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгінде облысымызда тұрғын үйлер, білім, медицина және мәдениет нысандары салынуда. Бұл – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Құрылыс саласы – ел дамуының тірегі, келешек ұрпақ үшін мықты іргетас. Құрылыс сапасы – халқымыздың болашаққа деген сенімінің өлшемі. Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, істеріңізге деген адалдықтарыңыз бен тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында біз заманауи инфрақұрылымның берік негізін қалыптастырамыз. Ол болашақ ұрпаққа қолайлы да лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда облысымыз құрылыс қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Бұл – сіздердің жанқиярлықпен атқарған еңбектің нәтижесі, – деді аймақ басшысы.
Құрылыс саласының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:
«Құрмет» ордені – Қайнар Дүйсенов, «AN Groups» ЖШС директоры;
«Ерен еңбегі үшін» медалі – Сержан Ақбердинов, «Восток-Котлы» ЖШС учаске бастығы;
«Құрметті құрылысшы» медалі – Жазира Мамырбекова, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалі – Илья Глазков, Пётр Мордвинов (Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысында жоғары кәсібилігі мен қосқан үлесі үшін).
ШҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар:
Елена Котлова, Талант Қайшинов, Рауан Жәкенұлы, Валерий Ткаченко, Данияр Раисов, Руслан Кистаубеков, Елдар Ахметов, Фархат Баяхметов, Нұржан Жапбаров, Бекен Әлішер, Әділ Нұржапаров, Назгүл Нұрланова, Әлішер Кенжеқанов, Зарина Дәуітханова, Іңкәр Әліпова, Арайлым Кенжеғұлова, Карина Айдарбекова, Зарина Қыдырханова, Қарлығаш Айқазынова, Мәдиана Маркенова және Ира Калимолдина.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің атынан алғыс хаттармен Дархан Шотабаев пен Руслан Шкибаев, Премьер-министрінің бірінші орынбасарының атынан Лариса Кашавкина мен Асет Сұлтанов марапатталды.
Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Нұржұм Омаров, Вячеслав Ситник, Александр Ладный, Жақсылық Еділбаев, Қайсар Сәтенов, Аманжол Урумбаев, Бекбол Әзімхан, Айнель Құсайынқызы, Салтанат Ақанова.
Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Владимир Кабов, Андрей Ломоносов, Максим Храмцов, Ерлан Садықанов, Талант Ахметжанов, Нұрлан Ахметжанов, Виктор Неверов, Әсем Серікжанқызы және Арайлым Серікболқызы.




