F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлы дала мұрасы жайлы халықаралық диалог өтті – ШҚО

admin_f16 admin_f16
26.04.2025, 09:04
Жаңалықтар

C.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде тарихшылар, мәдениеттанушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері халықаралық деңгейде Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын, оның тәжірибесі мен зерттеу мәселелерін және келешегін кеңінен талқылады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Айта кету керек, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция белгілі қазақстандық тарихшы-ғалым Ирина Ерофееваның құрметіне арналды.

Ауқымды шараны ШҚО әкімдігі, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қоры және А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.

Қонақтар мен қатысушылар назарына Ирина Ерофееваның өмірі мен ғылымдағы жолына арналған деректі фильм көрсетіліп, мазмұнды панельдік және секциялық отырыстар өткізілді. Шара барысында 50-ге жуық баяндамалар тыңдалды.

Конференцияға ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ерлан Текешов, «Кетбұқа-Төлегетай» қорының басшысы Қайрат Мусин, ШҚУ Директорлар кеңесінің төрағасы Амерхан Рахимжанов, сондай-ақ Қытай мен Польшадан келген профессорлар – Чжан Цзяньхуа, Агнешка Михальска және Лешек Зэкшевский қатысты. Сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының өкілдері Марал Сатенова мен Алтын Уалтаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы, Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Тамара Волкова да сөз сөйледі.

Осы маңызды шараға қатысқан шетелдік және отандық сарапшыларға, ғылыми қауымдастыққа ерекше алғысымды білдіремін. Бүгінгі конференция аясындағы білім, идеялар мен көзқарас алмасу тек гуманитарлық ғылымдарды дамытуға ғана емес, сонымен қатар еліміздің көпұлтты халқы арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді деп сенемін, – деді Ерлан Текешов.

Іс-шара аясында археологиялық қазбалардан табылған артефакттар қойылған «Ұлы Даланың алтыны» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жәдігерлер Елеке сазы, Шілікті және Берел қорғандарынан табылған мәдени және материалдық жетістіктерді сипаттайды.

Ұлы Дала – әлемдік өркениеттің қалыптасуына маңызды үлес қосқан бірегей феномен. Бұл бағыттағы зерттеулерде университетіміздің түлегі, көрнекті ғалым Ирина Викторовна Ерофееваның еңбектері ерекше орын алады. Қазақ хандығы тарихы, дала ақсүйектерінің шежіресі, деректану және тарихи антропология саласындағы Ирина Викторовнаның іргелі зерттеулері оның ғылыми мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады, – деді Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген.

Ирина Ерофееваның ғылыми мұрасы туралы тарих ғылымдарының кандидаты Амерхан Рахимжанов та ауқымды баяндамасын ұсынды.

Ғалымның ғылыми еңбектері XVIII–XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихын ғана емес, сонымен қатар қазақ ақсүйектерінің шежірелері, Қазақстан мен Ресей немістерінің тарихы, дінтану мәселелеріне де арналған. Ирина Викторовнаның шоқтығы биік еңбектерінің бірі – «Қазақ ақсүйектерінің эпистолярлық мұрасы» жинағы. Онда алғаш рет 25 қазақ ханының 811 хаты жарияланды, – деді ол.

Конференция барысында сарапшылар Ұлы жүз қазақтарының тарихы, Абылай ханның этноаумақтық тұжырымдамасы мен Қазақстандағы немістердің тарихы жөнінде де баяндама жасады. Шығыс пен Батыстың зияткерлік диалогын Пекин педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Чжан Цзяньхуа өз баяндамасында ашып көрсетті. Ол Қытай тарихнамасындағы Орталық Азия тарихының ерекшеліктеріне тоқталды.

Қытай тарихнамасы Жібек жолына ерекше мән береді. Қазақстан ежелгі және ортағасырлық кезеңде идеялар мен технологиялар алмасқан маңызды транзиттік торап ретінде сипатталады. Қазіргі Қытай тарихнамасы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Орталық Азия, оның ішінде Қазақстанның рөлін қайта бағамдауда. Біз ортақ тағдыр мен өзара тиімді ынтымақтастықты ерекше атап өтеміз, – деп атап өтті Чжан Цзяньхуа.

Халықаралық іс-шара соңында арнайы қарар қабылданды.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Елдос Сметовке Италияда операция жасалды

Елдос Сметовке Италияда операция жасалды

24.06.2025, 08:00
ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

23.06.2025, 21:37
Қара Ертіске батып кеткен үшінші адамның денесі табылды

Қара Ертіске батып кеткен үшінші адамның денесі табылды

23.06.2025, 18:08
Құны 10 млрд теңге болатын жобаның бұзылуына жол берілмеді – ШҚО Прокуратурасы

Құны 10 млрд теңге болатын жобаның бұзылуына жол берілмеді – ШҚО Прокуратурасы

23.06.2025, 17:46

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елдос Сметовке Италияда операция жасалды

24.06.2025, 08:00

ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

23.06.2025, 21:37

Қара Ертіске батып кеткен үшінші адамның денесі табылды

23.06.2025, 18:08

Құны 10 млрд теңге болатын жобаның бұзылуына жол берілмеді – ШҚО Прокуратурасы

23.06.2025, 17:46

Еуропа Кеңесі Қазақстанның құқықтық көмек көрсетуге қосылуын мақұлдады

23.06.2025, 17:32

Ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер барады

23.06.2025, 17:03

Қара Ертіске батып кеткен екі адамның денесі табылды

23.06.2025, 16:40

«Мұндай жарыс кімге керек?» – Өскемен тұрғындары наразы

23.06.2025, 16:19

Бір күні басып қала ма деп қорқамыз – Тарбағатайда мүгедектігі бар азамат апатты үйде тұрып жатыр

23.06.2025, 15:58

Шекара түбіндегі Ақаралға ұялы байланыс пен интернет тартылды

23.06.2025, 15:28

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған