F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Majilis Cup – 2025: «Өскемен» командасы арнайы жүлдемен марапатталды

F16 F16
20.10.2025, 12:31
Жаңалықтар, Өскемен, Спорт
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

25 қазан – Республика күніне орай Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «Majilis Cup – 2025» турнирі өтті. Парламент Мәжілісінің бастамасымен, BaqLiga Қазақстан журналистер лигасының ұйымдастыруымен биыл төртінші рет жалауы желбіреген дәстүрлі доп додасына еліміздің өңірлерінен барлығы 19 команда қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Дүбірлі бәсекенің салтанатты ашылу рәсімінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев еліміздің басты мерекесі – Республика күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл турнирдің басты мақсаты – депутаттар мен журналистер арасындағы әріптестік, достық байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Сондықтан алаңда қарсылас болғанмен, өмірде біз бір-бірімізбен доспыз, әріптеспіз. Жарыс жарақатсыз өтсін, мықты команда жеңіске жетсін! Келе жатқан Республика күні мерекесі құтты болсын, – деді Мәжіліс депутаты.

Жарысқа жиыны 19 команда қатысты дедік. Оның ішінде сонау Шымкент қаласынан, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Астанадан кіл мықтылар жиылды. Парламент Мәжілісінің депутаттарынан жасақталған “Мәжіліс” командасы да теңбіл допты тебудің хас шебері екендіктерін көрсетті.

Бүгінде БАҚ қызметкерлері арасында жөні бөлек тимбилдингке айналған турнирде шығыстың намысын қорғаған «Өскемен» командасы арнайы жүлдемен марапатталды. Нақтырақ айтқанда, команда капитаны Серік Әбілхан «Majilis Cup – 2025» турнирінің «Үздік ойыншысы» атанды.

Футбол – командалық ойын. Егер мені арнайы жүлдемен марапаттаса ол ең алдымен команданың жетістігі. Ал жалпы жарысқа келсек, Әзиз Жұмаділ әріптесіміздің басшылығымен ұйымдастырылатын бұл турнир әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың бәрі мықты, кілең «сен тұр, мен атайындар». Біз жүлдеге бір табан жетпей сүріндік, дегенмен жаман ойын көрсетпедік деп ойлаймын. Мұны қарсыластарымыз да айтып жатыр, – деді Серік Әбілхан.

Айта кетейік, әріптесіміз Серік Әбілхан «Majilis Cup» турнирінің тарихында екі мәрте «Үздік ойыншы» атанған әзірге жалғыз футболшы-журналист.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Ақмешіт» командасы (Қызылорда), 2-орынды ASNews (Астана) командасы жеңіп алды. Ал 3-орын KFF Media (Астана) футболшыларына бұйырды.
Сонымен қатар турнирдің жеке номинациялары бойынша үздіктер белгілі болды:
«Үздік сұрмерген» – Сапарғали Қанат (KFF Media, Астана)
«Үздік қақпашы» – Нұрислам Ғұмар (Атырау)
«Үздік қорғаушы» – Бақытжан Масақов (Sadaq Media)
«Үздік шабуылшы» – Нұржан Туғанбай (Шымкент)
«Үздік ойыншы» – Серік Әбілхан (Өскемен)
«Марат Оспанов атындағы арнайы жүлдені» – Әділет Құсайынов (Қазмедиа) иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Осы орайда «Өскемен» командасы атынан «Majilis Cup» турниріне қатысуға демеушілік көрсетіп, арнайы форма тіктіріп, қаржылай қолдау жасаған Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышовқа және Қазақстан Журналистері одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Мерей Қайнарұлына алғыс айтамыз.

 

1 - 17
- +

Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі, baqliga

Тегтер: F16Majilis CupБАҚӨскеменСпортШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған