Шығыстың бас шаһарында мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық спартакиада басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Еліміздің әр өңірінен жиналған 1300 мемлекеттік қызметкер Өскеменге ат басын бұрды. Олар 12-16 маусым аралығында спорттың 9 түрі бойынша бақ сынайды.
Кеше шараның салтанатты ашылуы облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтіп, артында үстел теннисі орталығында мандаттық комиссияның отырысы ұйымдастырылды.
Бұл мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жарыс қана емес, тәжірибе алмасу, әріптестермен танысу, командалық рухты нығайту алаңы, Шығыс Қазақстан облысының намысын облыстық спартакиадада үздік нәтиже көрсеткен қызметшілер қорғайды. Біздің спортшылар лайықты нәтиже көрсетіп, мықты мінез танытады деп сенемін. Бұл спартакиада күш-жігер мен бірліктің мерекесіне айналсын. Барша қатысушыларға жарқын әрі әділ жарыстар, жаңа жеңістер мен ерекше әсерлер тілеймін, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Былтыр бұл дода Ақтөбе қаласында 8 спорт түрінен өткен.