Өскеменде мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Республиканың әр өңірінен келген мемлекеттік қызметшілер 17 маусымға дейін спорттың 9 түрі бойынша бақ сынайды.
Шара мақсаты — мемлекеттік қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Спартакиадаға 1300-ге жуық мемлекеттік қызметші қатыспақ. Олар мини-футбол, волейбол, жүзу, арқан тарту, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қазақ күресі және баскетбол бойынша сынға түседі.