F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нақты сектордың табысы: отандық өндірушілер нарықты жаулай бастады  

admin_f16 admin_f16
18.05.2025, 14:00
Жаңалықтар

Биыл ел Үкіметі экономиканың нақты секторын жедел дамытуға сенімді түрде кірісті. Мемлекет IT мен логистикадан бастап, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау мен химияға дейінгі басты салалардағы шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады, деп хабарлайды F16.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, алды тұрған үлкен міндеттің бірі – шағын бизнесті орта және ірі бизнестің деңгейіне жеткізу. Қазір осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кәсіпкерлерге «Даму» қоры айтарлықтай қолдау көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, несиеге кепілдік беру көлемі едәуір артты. Енді кепіл жеткіліксіз болса, мемлекет жобаның 85%-ға дейінгі құнын жабады. Соның арқасында, елімізде жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік артады.

Бұл саясаттың нәтижесі де іс жүзінде көрініс таба бастады. 2010 жылдан бері «Дамудың» қолдауымен химия өнеркәсібі саласындағы 512 жобаға 195 млрд теңге берілді. Сол сияқты 30,4 млрд теңге субсидия төленді. Алматы, Ақтөбе, Павлодар мен Алматы облыстарында ең көп жоба жүзеге асырылды.

Отандық өндірушілеріміз өз жетістігі мен өнімін осы күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан VIII жыл сайынғы Ulttyq ónim көрмесінде назарға ұсынды. Оған еліміздің барлық өңірінен 350 кәсіпорын келді. Олардың қатарында маңғыстаулық «Каспийгрупп» компаниясы да бар. Ол ыдыс жууға арналған заттан бастап, тұрмыстық химияның кең ассортиментін шығарады. Атап айқанда, жуғыш ұнтақтар, оттегі ағартқыштары, гель мен сұйық заттар. Өндірістік алаңдар Ақтау мен Алматыда жұмыс істесе, өнімдері Қазақстанның алты өңіріне жеткізіледі.

«Даму» ресурсы арқылы мемлекеттік қолдау бізге жігер мен сенім береді. Жақын арада сусабын, сабын және басқа да құралдар шығаратын жаңа желілерді іске қосуды жоспарлап отырмыз, — деді «Каспийгрупп» компаниясының сату жөніндегі менеджері Армин Павиз.

Өз өнімін өндіретін келесі қатысушы астаналық Yarko компаниясы. Ол ұдайы дамып, керегесін кеңейте түсті.

2013 жылы біз 3000 бөтелке жуғыш зат сататын едік. Қазір жылына 470 мың сатамыз. «Дамудың» арқасында жаңа нарыққа шықтық. Өнім түрлері көбейіп, көлемі де арттты. Алдағы мақсат — еліміздегі ірі сауда желісіне айналу, — деді компания өкілі Ерік Жармағамбетов.

Yarko өнімдері бүгінде елордалық сауда орындарында сатылады. Өңірлік дистрибьюторлар арқылы да кеңінен таратылады. Компания сонымен қатар «Халал» сертификатына ие. Ұлттық стандарттарға да толық сәйкес келеді.

Ulttyq ónim көрмесі мемлекеттік қолдау арқылы толымды табысқа қол жеткізудің жарқын үлгісі бола отырып қазақстандық бизнесті өркендетудің негізгі алаңы болып қала береді.

Фото: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зайсандағы қалған ауылдар газдың игілігін қашан көреді?

Зайсанның қалған ауылдары газдың игілігін қашан көрмек?

19.06.2025, 17:42
37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

19.06.2025, 16:35
ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

19.06.2025, 16:16
Самар жағалауы Алакөлден асып түседі – аудан әкімі

Самар жағалауы Алакөлден асып түседі – аудан әкімі

19.06.2025, 15:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Зайсанның қалған ауылдары газдың игілігін қашан көрмек?

19.06.2025, 17:42

37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

19.06.2025, 16:35

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

19.06.2025, 16:16

Самар жағалауы Алакөлден асып түседі – аудан әкімі

19.06.2025, 15:25

ШҚО әкімі Санкт-Петербургтегі халықаралық форумға қатысып жатыр

19.06.2025, 14:15

Самарға таза ауызсу қашан жетеді?

19.06.2025, 12:33

Гимназия түлектеріне ақ жол тіледі – Өскемен

19.06.2025, 12:15

Тарбағатай: «Жайсаң» жағажайында демалыс базалары қашан салынады?

19.06.2025, 11:57

Шайдың қорапшасына жасырған: Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болған

19.06.2025, 11:20

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ираннан 109 отандасымыз елге оралды

19.06.2025, 10:43

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған