Бүгін облыс орталығында кезекті жедел-профилактикалық іс-шара басталды. Бұл жолы тәртіп сақшылары борышкерлердің ізіне түспек, деп хабарлайды F16.kz.
«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – әкімшілік құқықбұзушылыққа жол беріп, айыппұлдан жалтарған азаматтарды анықтап, шара қолдану.
Тәртіп сақшылары жол учаскелерінде бақылауды күшейтіп, рейд жүргізеді. Іс-шара барысында «Поток» жүйесіндегі көліктер жұмылдырылады, — дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полиция басқармасы әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы еске салады.




