«Казцинк» ЖШС аумағында болған жарылыс салдарынан кәсіпорынның екі жұмысшысы қаза тапты. Бұл туралы команияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін таңғы сағат 08.15 шамасында металлургиялық шаң-тозаң ұстау құрылғысында жарылысы болды. Апат салдарынан ғимараттың бір бөлігі қирап қалды. Өкінішке қарай екі адам мерт болды, бес адам жарақат алды. Оның ішінде зардап шеккен екеу қазір ауруханада жатыр. Қаза тапқандардың отбасына ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтамыз. Барлық қажетті көмек-қолдау көрсетіледі. Қазір олардың бірінің отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Екіншісінің жанұясымен байланысқа шықтық. – деді Андрей Лазарев.




