Үлбі өзенін жүзіп өтпек болған екі жігіт суға батып кетті. Қайғылы оқиға 3 мамыр күні болған, деп хабарлайды F16.kz.
Согра ауданында суға түсуге барған 2003 жылғы екі жігіт қайта оралмаған.
Бірінің денесі 4 мамыр күні Степное ауылы маңынан табылды. Ал, екінші жігіттің денесін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер мен дрон тартылды, — деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.




