F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде мамыр мерекелері қалай тойланады?

F16 F16
29.04.2026, 17:50
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Мамыр айындағы мереке күндері Өскеменде 200-ден астам іс—шара өткізіледі. Олардың негізгілері Республика алаңында, Солжағалау кешеніндегі этносаябақ және Достық үйінде болады, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев мәлім етті.

Мереке күндеріне жоспарланған іс-шаралардың әлеуметтік маңызына ерекше мән беріліп отыр. Атап айтқанда, қайырымдылық істер, волонтерлік бастамалар, «Таза Қазақстан» аясында өтетін сенбіліктер мен челлендждер, сондай-ақ «Қазақстан – ортақ үйіміз» патриоттық онлайн компаниясы сынды мазмұнды, тағылымдық рөлі жоғары шаралардың қоғамға берері мол.

Жалпы, бұл күндері өңірімізде 370-nен астам мерекелік іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Оған шамамен 250 мыңнан астам адам қатысады. Бір айта кетерлігі, биылғы мерекелердің бәрі Қазақстан Республикасының халық Конституциясы аясында өткізіледі, – деді Айдар Садырбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Өскемендегі Солжағалау кешенінде этномәдени бірлестіктер көрмесі, шығармашылық ұжымдардың концерті, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар асханасы және басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Кешке орталық алаңда «Достық толқынында – 2026» студенттер фестивалі өтеді. Бұл іс-шара жастардың басын қосып, естен кетпес ерекше сәттер сыйлап қана қоймай, студенттердің шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері де өз деңгейінде атап өтілмек. Бұл орайда жастардың патриоттық тәрбиесіне, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, қоғамдық бірлікті сақтау сынды қазіргі заманның құндылықтарына ерекше маңыз беріледі.

Өскемен қаласы әкімдігінің мерекелік жоспарына сәйкес, мамырдың алғашқы онкүндігінде барлығы 73 іс-шара өткізу көзделген, оның 15-і негізгі салтанатты жиын болса, 58-і қосымша мәдени-танымдық іс-шара. Ұйымдастырушылардың есебінше, мерекелік думанға 80 мыңнан астам адам атсалысады.

Мерекелік марафон 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінен бастау алады. Бұл күні қаладағы фонтандар мен демалыс саябақтары ресми түрде ашылып, көптен күткен өзен трамвайы қатынай бастайды. Мәдени бағдарлама аясында этно-квиз, жекеменшік мектептер арасындағы волейбол чемпионаты өтеді. Басты мақсат – қоғамдық келісімді нығайтып, жастарды мәдени-көпшілік шараларға тарту, — деп атап өтті қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринад Ахметжанов.

Мерекелер легі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен жалғасады. Бұл күні қалада патриоттық концерттермен қатар, жеңіл атлетикадан ашық чемпионат және жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен турнир ұйымдастырылады. Сондай-ақ мереке қарсаңында ардагерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету шаралары қолға алынбақ.

9 мамыр – Жеңіс күнінде тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған іс-шаралардың шоғыры қалың. Дәстүрлі гүл қою рәсімі мен концерттік бағдарламалардан бөлек, «Шырақ жақ» акциясы өткізіледі. Жергілікті билік өкілдері соғыс ардагерлерінің үйіне барып, атаулы көмек көрсетуді және олардың жағдайымен танысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бұл күні жастар арасында «Жайдарман» лигасының шымылдығы түріледі. Жалпы, мамыр айындағы барлық іс-шаралар патриотизмді дамытуға және қаланың мәдени өмірін жандандыруға бағытталған.

Тегтер: F16Жеңіс күніҚазақстан халқының бірлігі күніМерекеӨскеменШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған