«Туған жер – алтын бесігім» жобасы облыс аудандарының өнері мен мәдениетін елге таныстыратын игі дәстүрге айналды. Апта сайын бір аудан облыс орталығына келіп, ән мен биден шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Ал, сенібінің таңын халық тойбазармен атырады. Бұл жолы кезек табиғаты көркем, тарихы терең Шығыстың маржаны – Марқакөл ауданына келді, деп хабарлайды F16.kz.
9 қазан, яғни жұма күні сағат 18:00-де Протозанов көшесі, 43 мекенжайындағы облыстық филармонияда марқакөлдік шығармашылық ұжымдар қала тұрғындары мен қонақтарына концерті ұсынады.
10 қазан, сағат 08:00-де Өскемен қаласы, Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайындағы «ALTAY» көтерме және бөлшек сауда орталығы аумағында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Кез келген қала тұрғыны осы игі шараларға қатысып, ауылдан арнайы арқалап әкелген ет, сүт өнімдері мен басқа да өнімдерді қолжетімді бағада ала алады.




