7-8 қараша күндері «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында облыс орталығында Зайсан ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Зайсан ауданының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын мәдени және спорттық шаралардың куәсі болуға шақырады.
7 қараша күні сағат 17.00-де облыстық филаромонияда ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, қолөнер шеберлерінің және Зайсан технология колледжінің мамандықтар жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Сол күні 18.00-де аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
8 қараша, яғни сенбі күні сағат 08.00-ден бастап әдеттегідей, «Алтай» көтерме-тарату орталығында Зайсаннан әкелінген ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті өнім өндірушілер ет, сүт, нан өнімдерін арзан бағада ұсынады. Одан бөлек, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады.
Ал, сағат 10.00-де «Maxi Mall» сауда орталығында музыкалық-тақырыптық шеру, концерт өтеді.




