Шығыс Қазақстан облысында жоғары оқушылары мемлекеттік емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды. Білім сынағы биыл да әдеттегідей дәстүрлі форматта өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстың білім басқармасы хабарлағандай, 9 және 11-сынып оқушыларына арналған мемлекеттік емтихандар дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Айталық, 9-сыныптар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында тапсырса, 11-сыныптар 30 мамыр мен 16 маусым аралығында сынақтан өтеді.
Сонымен қатар 5-8 және 10-сынып оқушылары емтиханды 26-30 мамыр аралығында тапсырады. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде қазақ тілі пәні бойынша, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тапсырады. Аттестат табыстау рәсімі 18–20 маусым күндеріне жоспарланған.
Фото: pixabay.com