Облыс орталығында кезекті «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Полиция қызметкерлері пәтерлерді аралау, подъездер мен аула аумақтарын және қаңырап бос тұрған ғимараттарды тексеру жұмыстарын жүргізеді, – дейді Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі.




