F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев анасы туралы естелігін жариялады

admin_f16 admin_f16
11.05.2025, 12:00
Жаңалықтар

Бүгін, 11 мамыр Аналар күніне орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagramәлеуметтік желісіндегі парақшасында анасы Тұрар Шабарбаева туралы естілігін жариялады, деп хабарлайды F16.kz.

Бүгін – Аналар күні! Осы орайда анам Тұрар Шабарбаева туралы аз-кем естелікпен бөліскім келеді.
Төрт балалы біздің отбасы қарапайым тұрды. Анам ұзақ уақыт бойы белгілі себептермен жұмыс істемеді, ол кісі үй жұмысын атқарды. Жалғыз асыраушымыз әкей. Айлық жалақыдан бөлек, ол кей-кейде мақалалары мен кітаптарына қаламақы алатын. Мұндай күндері біздің үйде нағыз мереке орнайды, – деп жазды Тоқаев.

Мемлекет басшысы анасының өте қарапайым және бар саналы ғұмырын ұрпағына арнаған аяулы жан болғанын тебіреспен есіне алды.

Шешей ол кезде жас әйел бола тұра, көп нәрседен, оның ішінде әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын. Әрине, сәнді киініп, әсем әшекейлер таққысы келгені табиғи ғой, алайда бар өмірін перзенттеріне арнап, аналық парызын қысқа ғұмырының ақырына дейін атқарып өтті. Тіпті, қымбат дүниелер алатындай мүмкіндік туған кезде де, өзіне ұнаған заттарды немерелеріне әперумен шектелетін, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым—Жомарт Тоқаев Кеңес одағы ыдарап, тоқсаныншы жылдардың тоқырауы басталған сындарлы сәтте анасының көп қолдау көрсеткенін айтты.

Өз өмірімнің Кеңес одағы тарауымен тұспа-тұс келген сындарлы сәтінде анамның батыл қолдағаны ешқашан ұмытылмайды. Сол бір қауырт күндері Мәскеуде қалып, Ресей мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеу немесе елге қайтып оралуды анықтау қажет еді. Сонда анамның «Әкең тірі болса, саған бірден Қазақстанда қызмет ету керек дер еді» деп айтқаны есімде. Бұл сөз бұйрықтай болып естілді. Шешеміз, әрине, кейбір шенеуніктердің аяқастынан қисапсыз байып шыға келіп жатқанын білді, бірақ мұндай тіршіліктің баянсыз және ақыры жақсылыққа апармайтынын жалықпай айтып отырды. Өзі де қарапайым тірлік кешті, көзі жұмылғанша көп нәрседен өзін шектеп отырды. Ылғи да ел алдында ұятқа қалмау үшін өзімді таза ұстауды, ешқашан көрсеқызарлыққа бармауды айтып кеңес беретін, – деп есіне алды Мемлекет басшысы.

Жастайынан бойына сіңірген тағылымды тәлім—тәрбиенің бастауында анасы тұрғанын қарапайым мысалдар келтіре отырып баяндаған Президент бала күнгі естіген әңгімелері, көрген—түйгендері әлі күнге есінде сақталғанын айтты.

Анам да үнемі мені қолдайтын. Бала күнімнен мен оның көптеген мағынасы терең мазмұнды әңгімелерін, ой-пікірі мен пайымдауларын тыңдап өстім ғой. Әңгімені жақсы айтатын және менің де ықыластана тыңдайтынымды сезген болар, сөйтіп өмірлік дүниетануыма өлшеусіз ықпал етті. Жан-жағыма байыпты қарап, ұстамды болуға, жақсыны үйренуге және одан тек пайдалысын алуға үйретті. «Күні бойы және кешке немен айналысатыныңды таңертеңнен ойлау керек. Жинақы жүру қажет, асып-сасқан адам сәтсіздікке ұшырайды» деп жиі айтатын. Біздің анамыз ұсақ-түйек нәрсеге дейін түгел білуді қажет санады. Ол кісінің қатысуынсыз ата-аналар жиналысы өткен емес. Төрт баласының оқытушыларының бәрін білетін. Балалық тентектігімізге, жеткіншектік қуаныш пен күйініш-сүйінішімізге қатысты жайларды түп-түгел сезініп отыратын. Анығын айтқанда, анамыздан жасыратын құпиямыз болған жоқ. Ол кісі біздің өмірмен ғұмыр кешті, ал біз оның өмірінің ажырамас бөлшегі едік.
Аналардың қадірін біліп, әрдайым құрмет көрсетіп, ардақтап жүріңіздер! – деп жазды Президент Қасым—Жомарт Тоқаев.

Фото: tokayev_online

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05
Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32
Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18
Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болуы мүмкін

20.06.2025, 16:18

ШҚО-да 380 мың тонна прекурсор тәркіленді

20.06.2025, 15:43

Қазақстана жүкті әйелдерге арналған көмек жетілдіріледі

20.06.2025, 15:00

Нұрымбет Сақтағанов: инвестиция – әкімдер жұмысының негізгі өлшемі

20.06.2025, 14:34

Ертіске сібір бекіресінің шабақтары жіберілді

20.06.2025, 14:07

ШҚО қорғанысы жаңаша бағыт алады

20.06.2025, 12:01

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған