F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Президент: Дәрігер болу – жүректің ісі

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
13.06.2025, 14:00
Біздің медицина, Жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Дәрігер болу – жүректің ісі

Фото: Aqorda

Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды F16.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің «екінші ұстазы» – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. «Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей». Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ дәрігерлері қай кезде болсын, ел мүддесін бәрінен биік қоя білгенін, ұлт қайраткерлері Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияровтың белгілі дәрігер болғанын, олар халқымыздың азаттығы үшін де, саулығы үшін де аянбай күрескенін атап өтті

Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр маманның еңбегі орасан зор. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған тұтас әулеттер бар. Алматыдағы Джувашевтер әулетінен 13 адам медицина саласын таңдаған. Олардың жалпы еңбек өтілі – 375 жыл. Ал Атырау облысындағы Шанаевтар әулетінен 16 дәрігер шыққан. Мұндай еңбек династияларының ғибратты жолы – көпке үлгі-өнеге. Қазір ұлттық медицина саласы қарқынды дамып келе жатыр. Жетістіктеріміз аз емес. Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ана мен бала өлімі шамамен 12 пайызға азайды. Бес жылда 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны, яғни, көптеген емхана мен аурухана салынды. Бұл жұмыс тоқтамайды, мемлекет алдағы уақытта да инфрақұрылымды дамыта береді. Ұлт саулығын жақсарту алғашқы медициналық көмектен басталады. Елімізде ауылдық жердегі медицина жүйесін жаңғыртуға арналған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 469 ғимарат бой көтерді. Жыл соңына дейін тағы 186 нысан салынады. Аудандық ауруханалар заманға сай құралдармен жабдықталып жатыр, – деді Президент.

Президент дәрігерлердің еңбегі қашанда лайықты бағалануы керек екенін айтып, медицина майталмандарын мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.

Тегтер: медицинаПрезидентРеспублика
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аламан бәйгеде Тарбағатайдың сәйгүлігі топ жарды

Аламан бәйгеде Тарбағатайдың сәйгүлігі топ жарды

14.06.2025, 12:32
ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шекара бөлімшелеріне барды

ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шекара бөлімшелеріне барды

14.06.2025, 11:30
Топқайын ауылында интернет желісі іске қосылды

Топқайын ауылында интернет желісі іске қосылды

14.06.2025, 11:18
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

14.06.2025, 10:30

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аламан бәйгеде Тарбағатайдың сәйгүлігі топ жарды

14.06.2025, 12:32

ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шекара бөлімшелеріне барды

14.06.2025, 11:30

Топқайын ауылында интернет желісі іске қосылды

14.06.2025, 11:18

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

14.06.2025, 10:30

Қарт Алтайдың баурайында поэзия фестивалі өтті

14.06.2025, 10:15

Шығыс Қазақстандағы ең ірі ипподром Катонқарағайда салынды

14.06.2025, 09:08

Катонқарағайда ғимараттар үшін бірыңғай дизайн-код енгізіледі

13.06.2025, 18:23

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

13.06.2025, 17:17

Алты адамды судан құтқарып қалды – ШҚО

13.06.2025, 17:00

Биыл 10 мың бала тегін демалады

13.06.2025, 16:16

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған