Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында толық реконструкциядан өткен конференц-залдың салтанатты ашылуы өтті. Бұл жаңғырту жұмыстары кітапхананың 130 жылдығы аясында «Казцинк» ЖШС-нің қолдауының арқасында жүзеге асты, деп хабарлайды F16.kz.
Жұмыс барысында залға жөндеу жүргізіліп қана қоймай, негізгі техникалық жабдықтары да толық жаңартылды.
Заманауи кітапхана – бұл жаңа білім алуға, қарым-қатынас жасауға және жаңа технологияларды қолдануға арналған мәдени кеңістік, – деп атап өтті «Kazzinc Holdings» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.
Жаңартылған конференц-зал халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың, интерактивті дәрістер мен білім беру воркшоптарының, мәдениет және өнер қайраткерлерімен шығармашылық кездесулердің, қоғамдық форумдар мен диалог алаңдарының басты орталығына айналмақ.




