Риддер тұрғындары үй суып кеткенін айтып тағы да шағымданып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Ал жылу-электр орталығының өкілдері пәтерлердің салқындауы қатты аяздың салдарынан деп отыр.
Таңертең станцияда жоспардан тыс қайта қосылу болды. Қазір шынымен де жылу беру кестесінде ауытқу бар, бірақ станция қызметкерлері жедел әрекетке көшті. Жағдай шамамен екі сағат ішінде реттеледі,– деді «Шығыс Жылу» АҚ Риддер филиалының директоры Кирилл Голота.
Осы жағдайға байланысты бүгін таңертең облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов кеншілер шаһарына аттанды.




