Биылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында жаңа онлайн сервис іске қосылды. Енді тұрғындар өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін ЖСН арқылы оңай тексере алады.
Қызметті бірнеше тәсілмен пайдалануға болады:
– Электронды қызметтер орталығы порталы — https://e-vko.gov.kz/ru/Voters/Index арқылы;
– арнайы Telegram-бот — https://t.me/vote_vko_bot көмегімен;
– Digital East мобильді қосымшасы — https://digitaleast.e-vko.kz/ арқылы.
Сервис тұрғындарға уақыт жоғалтпай, сайлау учаскесін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.





