F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сапалы әрі көрікті болады: Өскеменде көпқабатты үйлердің қасбеті жаңартылып жатыр

F16 F16
20.04.2026, 15:49
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Биыл Шығыстың бас шаһарында тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс жалғасын тапты. Жоба көпқабатты үйлерді өайта қалпына келтіру және жөндеу қағидалары аясында жүзеге асырылып, қаланың сәулеттік бірегейлігін қалыптастыруға, эстетикалық тартымдылығын арттыруға және ғимараттардың техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды F16.kz.

Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметінше, бұл бастама жүйелі сипатқа ие және ең алдымен сыртқы келбеті тозған, жаңартуды қажет ететін аудандарды қамтиды. Сонымен қатар үйлердің энергия тиімділігін арттыру да басты назарға алынады.

Фото: F16.kz

Қазірдің өзінде бірнеше тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын жаңарту жоспарланған. Атап айтқанда, Әуезов даңғылы 49б, Нұрмағамбетов көшесі 50 және 53, сондай-ақ Протазанов көшесі 61 мекенжайларында орналасқан үйлер қамтылып отыр. Бұл нысандар бойынша мердігер ұйым анықталып, құрылыс басталып кеткен.

Жөндеу барысында заманауи құрылыс материалдары мен технологиялар қолданылады. Соның ішінде фиброцементті панельдер пайдаланылады. Бұл материал жоғары беріктігімен, температураның күрт өзгеруіне төзімділігімен және сыртқы ортаның әсеріне шыдамдылығымен ерекшеленеді. Мұндай шешім тек ғимараттың сыртқы көрінісін жаңартып қоймай, оның қызмет ету мерзімін ұзартуға және алдағы күтім шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Фото: F16.kz

Жоба бойынша жұмыс шамамен үш ай ішінде аяқталады деп жоспарланған. Осы уақыт аралығында аталған үйлердің қасбеттері толық жаңартылып, заманауи талаптарға сай бірыңғай стильге келтіріледі.

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі Қымбат Әбішев бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Қаланың сыртқы келбетін жақсарту бағдарламасы аясында көпқабатты үйлердің қасбетін жөндеу жұмысы жоспарлы түрде жүргізіледі. Бүгінде мердігер ұйым анықталып, Әуезов даңғылы мен Нұрмағамбетов және Протазанов көшелеріндегі үйлерді жаңарту басталды. Қолданылып жатқан заманауи материалдардың арқасында ғимараттардың қызмет ету мерзімі ұзарып, көрер көзге тартымды болады, – деді ол.

Маманның айтуынша, бұл жұмыс мұнымен шектелмейді. Бағдарламаның келесі кезеңінде Әуезов даңғылы бойындағы басқа да көпқабатты үйлерді қамту жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, атқарылып жатқан шаралар – қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Қасбеттерді жаңарту арқылы қала келбеті жақсарып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы әрі үйлесімді орта қалыптасады.

Тегтер: F16жөндеуӨскеменТҮКШтұрғын үй
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05
Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11
Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05
Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

28.08.2026, 16:00

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

28.08.2026, 15:33

ШҚО-да жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны артты

28.08.2026, 14:28

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

28.08.2026, 12:20

Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

28.08.2026, 11:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған