Абай облысында екі кәсіпкер құмды заңсыз өндірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды F16.kz.
Қаржылық мониторинг агенттінің (ҚМА) мәліметінше, кәсіпкерлер 68 мың тоннадан астам құмды заңсыз өндіріп, оны жалған сертификатпен зауыттарға сатқан. Екі жылда олар 272 млн теңге табыс тапқан.
Сот күдіктілердің жалпы құны шамамен 182 млн теңге болатын мүлкін, оның ішінде 11 автокөлік, екі пәтер және жер учаскесін тәркіледі. Сондай-ақ 17 млн теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешекке шектеу қойылды.
Кәсіпкерлер сот алдында жауап береді.
Фото: видеодан алынған кадр