Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан облысының белсенді жастарымен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.
Кездесуге қатысушылар жаңа Конституциядағы өзгерістер елдің ұзақ мерзімді дамуы мен қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін талқылады. Жиында жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы, бастамашылдығы және кәсіби қабілеті реформалардың табысты жүзеге асуына тікелей ықпал ететіні айтылды. Сенат төрағасы сондай-ақ, жас мамандардың талдау қабілетін жетілдіруге бағытталған Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің қызметіне тоқталды.




