Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында шағын су электр стансалары бой көтереді. Қазір өңірде энергия көздерін салуға қолайлы учаскелердің картасы жасалып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл құжат «жасыл» энергия көздерін салуға ең тиімді жерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Мамандардың есебінше, облыста мұндай 90-нан астам орын бар. Олар негізінен өзен-суларға бай Күршім, Марқакөл, Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында орналасқан.
Шағын СЭС каскадтарын Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Үлкен Нарын сияқты суы мол аудандарда салу көзделіп отыр. Қазір энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы құжаттарды дайындап жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биылғы 10 қарашаға дейін құжаттарды әзірлеп, тиісті министрлікке жолдайды, – деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Ансат.
Айта кетейік, басқарма басшысы атап өткен аудандарда Күршім, Қалжыр, Бұқтырма, Тұрғысын (суретте), Ақ берел сынды өзендер бар.




