Марқакөл ауданының жастары «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Шыннет ата бұлағын тазартты, деп хабарлайды F16.kz.
Экологиялық шараға 25 ерікті қатысып, бірнеше сағаттың ішінде бұлақ маңынан шамамен 1 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жинады.
Жергілікті тұрғындар тазалық акциясына қатысқан жастарға алғыс айтып, мұндай бастаманың қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын атап өтті.
Аудан әкімдігінің мәлімдеуінше, шараның басты мақсаты бұлақтың төңірегін тазарту ғана емес, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамның назарын табиғатты қорғауға аударту.
Алдағы уақытта мұндай экологиялық бастамалар тұрақты түрде жалғасын тауып, жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетіледі.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі