Ғасыр асқан туған күн иесін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы құттықтады, деп хабарлайды F16.kz.
Құрмат Рахимов 1924 жылы Күршім ауданы, Қызылтас ауылында дүниеге келген.
1942 жылы майдаға аттанып, 1943 жылдың соңына қарай Мәскеу түбіндегі Кунцево қаласындағы арнайы әскери оқуға жіберілді. 1944 жылы Кеңес әскерлері Белоруссияда «Багратион» жоспары бойынша қарсы шабуылға шыққанда, Белоруссия, Литва, Пруссия жерлерін фашистерден тазартуға қатысады. Құрмат Ыдырышқанұлының бөлімшесі көп ұзамай Кенисберг қаласын азат етеді. Ұлы Жеңісті Берлинге кетіп бара жатқан жолда Инстербург қаласында естиді.
Құрмат Рахимов майданнан оралған соң облыстық ішкі істер органдарын басқарып, туған елге қызмет етті. 101 жасқа толған ардагер бүгінде қоғамдық шараларға белсене араласып келеді. Біз осындай батыр тұлғаларымызбен мақтанамыз, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Мерейтой иесі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету үшін түрлі іс-шараларға қатысып, естеліктерімен бөлісіп отырады. Биыл облыс делегациясымен бірге Астана қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысты.
Жақындарының айтуынша, ақсақал салауатты өмір салтын ұстанып, әлі де спортпен жұғылданатын көрінеді.