ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының XXVIII отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Ресейде «Көпполярлы әлемдегі өсімнің негізі – ортақ құндылықтар» тақырыбында XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр.
18-21 маусым аралығында өтетін шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы барды.
Форумның басты оқиғасы – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен шетелдік ресми тұлғалардың қатысуымен өткен пленарлық отырыс болды.
Форум жұмысына 140 елден 23 мыңнан астам қатысушы жиналған.