«Қазгидромет» РМК 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, ШҚО-да алдағы күндері жауын-шашын болып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.
Ертең Шығыс Қазақстанда найзағай ойнап, солтүстік пен шығыс аудандарда бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнгі уақытта тұман түседі, — дейді синоптиктер.
Сондай-ақ кей жерлерде желдің жылдамдыңы секундына 25 метрге дейін жетеді.
Температура бағаны күндіз +10…+20°С көрсетсе, түнде +3…+11°С-қа дейін төмендейді.




