F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да еңбек династиялары мен үздік мамандар марапатталды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
24.09.2026, 10:03
Жаңалықтар

Төрт буын, бір отбасының 27 өкілі және 330 жылдық жалпы еңбек өтілі. Өскемен құс фабрикасында еңбек ететін Фатеевтер мен Линкерлер әулеті «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Отбасыға марапатты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Еңбек күніне арналған «Еңбек – Ел мұраты» іс-шарасында табыстады, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл күні кен өндіретін, астық өсіретін, электр желілеріне қызмет көрсететін, кран басқаратын және жас мамандарға кәсіби дағдыны сенімді әрі қауіпсіз меңгеруге жол көрсететін еңбек адамдары марапатталды. Еңбек жағдайын жақсартуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға және ұжымдарды қолдауға үлес қосып жүрген кәсіпорындарға да наградалар табысталды.

Біздің міндетіміз — еңбек адамының маңыздылығы туралы айтып қана қоймай, оған лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету, кәсіби тұрғыда өсуіне мүмкіндік беру және еңбегіне қосқан үлесіне әділ баға беру, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында екінші орынды Біріккен энергосервистік компаниясының Жүсіповтер әулеті иеленді. Үш буыннан тұратын отбасының сегіз өкілінің жалпы еңбек өтілі 146 жылды құрайды.. Үшінші орынға аталған компанияның Тұрдыбековтер әулеті мен Үлкен Нарын орман шаруашылығында еңбек ететін Қосаевтар әулеті тұрақтады.

Әр марапаттың артында жас мамандарға мамандықты меңгеруге көмектескен тәлімгерлердің көп жылғы еңбегі бар. Бұл номинацияда Өскемен көлік компаниясының қозғалыс қауіпсіздігін тексерушісі Татьяна Олейникова үздік деп танылды. Ол кәсіпорында 31 жылдан бері еңбек етеді. Қозғалыс желісіндегі қауіпсіздікті бақылап, болашақ трамвай жүргізушілерін даярлауға атсалысады. Екінші орынды «ГРК МЛД» ЖШС-нің аға автослесарі Ильяс Исбаев иеленсе, үшінші орынды  «Адал» шаруашылығының механизаторы, он шәкірт тәрбиелеген Әсет Абдрахманов алды.

Өндірістегі жас мамандар арасында «Нұрғазин» шаруа қожалығының бригадирі әрі механизаторы Нұрсұлтан Онлабаев жеңімпаз атанды. Екінші орын «Казцинктің» Риддер тау-кен байыту кешеніне қарасты Долинный кенішінің маркшейдері Наталья Трусоваға берілді. Ол жұмыс барысында лазерлік сканерлеу және үш өлшемді модельдеу технологияларын қолданады. Үшінші орынды «Шығыс Жылу» АҚ-ның гидравликалық есептеулер жөніндегі инженері Алида Бакинбаева иеленді.

Салтанатты шара барысында облыстың қалалары мен аудандарынан келген тағы 13 маманға арнайы құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері, Малеевский кенішінің үңгушісі, Зайсан ауданындағы наубайшы және Үлкен Нарын ауданындағы омарташы бар.

«Парыз» байқауының облыстық кезеңінде жеті қатысушы марапатталды. Үздік ұжымдық шарт номинациясында Үлбі металлургиялық зауыты мен кәсіпкер Кирилл Галкин үздік деп танылды. Әлеуметтік жауапкершілік бағыты бойынша «Убинское-Ш» ЖШС мен «ГРК МЛД» ЖШС марапатталды. Еңбекті қорғау саласында «Шығыс Найман» ЖШС мен Согра жылу электр орталығы атап өтілді. Ал үздік әлеуметтік жобаны Катонқарағай ауданынан келген кәсіпкер Назгүл Мұқашева ұсынды.

Іс-шара барысында Тарбағатай және Алтай аудандарының Мансап орталықтарына автокөліктердің кілті табысталды. Көліктер жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға Еуразиялық банктің қолдауымен берілді. Өткен жылы осындай ынтымақтастық аясында Катонқарағай ауданына да автокөлік табысталған болатын.

Тегтер: Еңбек адамыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған